Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция бет-жүзді жабатын киімге қатысты заң талаптарын түсіндірді

Полиция азаматтарға бет-жүзді жабатын киімге қатысты заң талаптарын түсіндірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық өзгерістер күшіне енген.

Жаңа талаптарға сәйкес, қоғамдық орындарда адамның сыртқы келбетін тануға кедергі келтіретін, бет-жүзін толық жабатын киімдерді киюге тыйым салынады.

Мұндай киімдерге, атап айтқанда:

— балаклава;

— бетперде (маска);

— никаб;

— адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін өзге де киім немесе элементтер жатады.

Аталған талап бет-жүзді жаппайтын діни киімдерге қолданылмайды. Олардың қатарына хиджаб, шейла, химар, әл-амира және басқа да ұқсас діни киім түрлері кіреді.

Заңда мынадай жағдайларда бет-жүзді жабуға жол беріледі:

— медициналық көрсеткіштер бойынша;

— қолайсыз ауа райы жағдайларында;

— қызметтік (лауазымдық) міндеттерді орындау кезінде;

— спорттық, мәдени-бұқаралық және өзге де бұқаралық іс-шараларға қатысу барысында.

Аталған өзгерістердің мақсаты – қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру