Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының тұрғынынан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді

Рудный қаласы тұрғынының үйінен атыс қаруы мен оқ дәрілер тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қару” жедел алдын-алу іс-шарасы барысында Рудныйда пәтерді санкцияланған тінту барысында атыс қаруы мен оқ-дәрілері табылған және сақтаған азамат ұсталды.

– 1954 жылы шығарылған ТОЗ-16 шағын калибрлі мылтық және 5,6 мм калибрлі патрондар, саны 53 дана, 20 мм калибрлі патрондар, саны 16 дана, 9 пышақ табылды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, – деді Рудный қаласы полиция басқармасының бастығы Болат Иманов.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде “Қару” республикалық жедел алдын-алу шарасы 27 ақпан күні басталып, 10 наурызға дейін жалғасады. Жедел алдын алу шарасы облыс аумағында атыс қаруын қолдану арқылы қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру