Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құқық бұзған қоғамдық көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

Шымкентте тоғыз айда қоғамдық көліктерге қатысты 2 296 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, жолаушылар мен жүк тасмалдаушылар арасындағы тәртіпті арттыру, арнайы тіркеусіз қызмет көрсететін ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастарда жүретін қоғамдық көліктерге бақылауды күшейту мақсатында Шымкент қаласы аумағында 21-23 қазан аралығында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұсынысымен өткізіліп жатқан шараға Көліктік бақылау инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Көлік прокуратурасы қызметкерлері қатысуда. Бірлескен мобильдік топ құрылып, патрульдік полиция полкінің автоэкипаждары жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктерді тексеруде.

Іс-шара барысында 21-22 қазан күндері қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған жалпы 224 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігінің (Көлікті құжатсыз басқару) талаптарын бұзғаны үшін бір қоғамдық көлік айыптұраққа жабылған.

– Ал 2020 жылдың тоғыз ай көлемінде қоғамдық көліктердің жүргізушілеріне қатысты 2 296 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Жиі кездесетін құқық бұзушылық фактілері: қауіпсіздік белдігін тақпау, ұялы телефон мен байланыс құралдарын пайдалану. Сонымен қатар, қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыру, жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу жайттары анықталды. Ал, автокөліктерді масаң күйде басқарушылардың да азаймай тұрғанын айта кету керек, – деді Патрульдік полиция полкінің командирі Мұхтар Бұхарбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру