Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында бақылау бекеттері қойылады

Қызылорда облысында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында полиция бақылау бекеттері қойылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Бас санитарлық дәрігерінің 7 сәуірдегі №7 қаулысына сәйкес, облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында сәуірдің 07-нен 08-не қараған түні сағат 00:00-де Қызылорда қаласы ішінде тұрғындар мен көлік қозғалысын шектеу үшін 4 жерге патрульдік полиция бақылау бекеттері қойылады. Яғни,

«Солтүстік темір жол» көпіріне (Гагарин мөлтек ауданы жақта) патрульдік бекет.
«Коммунизм» тесік көпіріне 2 патрульдік бекет.
«Аспалы көпіріне» 4 патрульдік бекет.
«Тасбөгет кентінде» 2 патрульдік бекет орналастырылып жатыр.

Мұндай шаралар барлық аудан орталықтарында да қабылданатын болады.

Қаулыға сәйкес, төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде, ұжымдық, жанұялық, барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға баруға тыйым салынады.

Облыстың барлық тұрғындарының кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 06:00-ға дейін жүруіне жол берілмейді.

Ал сағат 06:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта тек жақын радиустағы дәріханалар мен азық-түлік орындарына (белгіленген  уақытта) 2 адамнан артық жүруге жол берілмейді.

Сондай-ақ, 55 жастан асқан азаматтарға көшеге шығуға тыйым салынады.

Төтенше жағдай талаптарын орындамаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

Құрметті облыс тұрғындары! Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында қолданылып жатқан шараларға түсіністік танытып, қолдап, үйлеріңізде болуларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру