Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде есепте тұрған адамдарға бос жұмыс орындары ұсынылды

Семейде есепте тұрған адамдарға бос жұмыс орындары ұсынылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының “Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеде жұмыс берушілер мекемелерінде бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңкеге келушілер – қоғамнан оқшауланбай, сотталған азаматтар. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, алдын ала әңгімелесуден өтіп, сауалнаманы толтырып, жұмыс берушілерде өз түйіндемелерін қалдырды. Халықты жұмыспен қамту қызметінің мамандары жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, кәсіптік оқыту және қосымша кәсіптік білім беру мәселелері бойынша кеңес берді.

Бос орындар жәрмеңкесін іске асыру аясында Абай облысы бойынша ҚАЖД Семей қаласы Әуезов ауданының пробация қызметі жұмыс атқарды.

– Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – пробация қызметтерінің есебінде тұрғандардың ең көп санын жұмысқа орналастыру, ал міндеттері – пробация қызметтері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, – деп атап өтті Семей қаласы Әуезов ауданының пробация қызметі бөлімінің бастығы Бауыржан Малғаждаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру