Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да мас жүргізуші қамауға алынды

Шығыс Қазақстан облысында мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Жаңа-Согра кентінде облыс орталығының 51 жастағы тұрғынының басқаруымен “Honda” автокөлігін тоқтатты.

– Ер адам бұдан басқа 2019 жылдан бастап үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылып, көлік құралын басқарғаны анықталды. Куәландыруға сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежедегі масаң күйде болған. Автокөлік мамандандырылған тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру