Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны Павлодар полициясына жалған хабарлама берген

ШҚО тұрғыны Павлодар полициясына жалған хабарлама берген, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полицияға азаматтардан іс жүзінде болмаған қылмыстар туралы хабарламалар келіп түседі. Азаматтардың мұндай әрекеттерінің себептері әртүрлі: кейбіреулер осылайша қаскүнемдерді немесе өздерін қорғауға тырысады, ал біреулері ашуланып, реніш білдіріп, кінәсізді жалған айыптайды. Ал бұндай көрінеу жалған айғақтар бергені үшін кінәлі адамға қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. Салдарынан жалған куәлік ету тергеуді жалған жолмен жібереді және қылмыстың ашылуына жол бермейді.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Павлодар қаласына жұмыстармен келіп, өзінің Kia автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлады. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында Павлодар полицейлері автокөлікті айдап кету немесе ұрлау болмағанын анықтады.

– Ер адам жұбайымен жанжалдасқаннан кейін полицияға осы көлікке қатысты айдап кету туралы хабарлаған. Ал бұл кезде автокөлік Павлодардағы гаражда болды. Көрінеу жалған ақпарат берген фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 419-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар ПБ-ның Оңтүстік полиция бөлімінің тергеушісі Бибарыс Русланұлы.

Осы бапқа сәйкес, қылмыстық теріс қылық жасау туралы көрінеу жалған хабарлау екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру