Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласы ПД қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мерекелік күндер кезінде құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешені күшейтілген қызмет түрінде жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халық көп шоғырланатын орындардаға қоғамдық тәртіпті сақтауға қосымша автопатрульдер және жаяу нарядтар жұмылдырылған.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қауіпсіздікті қадағалауға 404 патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жұмылдырылды. Қала аумағында орналасқан барлық кафе-бар, ресторандар және басқа да ойын-сауық мекемелерінің аумақтарында қоғамдық тәртіпті жалпы 328 учаскелік полиция инспекторлары қадағалайды. Сонымен қатар 6 506 әскери бөлімінің 231 сарбазы жаяу патрульдеуде қызмет атқарады.

Кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі 110 полиция инспекторлары түнгі мезгілде жасөспірімдердің ата-аналарсыз үйлерінен тыс жерде жүруге тыйым салу мақсатында үнемі рейдтік шаралар жүргізуде.

Департаментке қарасты барлық Полиция басқармаларында қосымша жедел-тергеу топтары құрылған.

Құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға жедел қызмет атқару үшін мереке күндері полиция автопатрульдерінің, көшелердегі полиция жаяу нарядтарының саны артады. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатуға жол бермеу мақсатында тексерулер жүргізілуде. Оларды пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажет.
Мереке қарсаңында тұрғындарды карантин шаралары мен денсаулық сақтау ұйымдарының ұсыныстарын қатаң ұстануға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, өз мүліктеріне сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру