Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарын бұзған қонақ үйдің бірінен есірткі затына ұқсас зат анықталды

Шымкентте карантин талаптарын бұзған қонақ үйдің бірінен есірткі затына ұқсас зат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 22 ақпанында Шымкент ҚПД Абай ауданы Полиция басқармасының №13 УПП учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақта профилактикалық жұмысты жүргізу барысында қонақ үйлердің бірі карантин талаптарын бұзып, жұмыс жасап жатқанын анықтады. Тәртіп сақшысы сол қонақ үйдің әкімшілігінен түсініктемесін алып, тиісті іс-құжаттарды жинақтап, Абай ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады.

Сондай-ақ, тексеру барысында аталған қонақ үйдің бөлмесінің бірінде есірткі затына ұқсас зат анықталып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Полиция қызметкерлері аталған жайтқа қатысы бар азаматтардың іс-әрекетіне тексерудің нәтижесі бойынша құқықтық баға беретін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру