Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзған 245 шетелдік анықталды

Шымкентте “Мигрант” профилактикалық іс-шарасы барысында іздеуде жүрген төрт қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон заңнамасы бойынша үш қылмыстық жайт анықталды.2021 жылдың 15-19 ақпан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген “Мигрант” профилактикалық іс-шарасы барысында Қазақстан Республикасына келіп-кету және болуы бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 245 шетелдік және 74 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды.
2018-2020 жылдар аралығында көші-қон заңнамасын бұзған сегіз шетелдіктер сот шешімін орындамай жүргені анықталып, ел аумағынан шығарылды.

Іс-шара барысында шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 59 және шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 15 Қазақстан Республикасының азаматтары анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша үш жайт анықталды. Сондай-ақ, іздеуде жүрген төрт қылмыскер ұсталды.

Қоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысып, азаматтарды мазалап жүрген үш шетелдік анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру