Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатқан

Шымкент қаласында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаментімен қала аумағында карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен пайда табу үшін сатқан дәріхана қызметкерлері мен тұрғындарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жайты анықталды.

Жедел іс-шаралар барысында Әлімқұлов көшесі, бес үйдің ауласында үш қойма анықталды. Онда тексеру барысында полиция қызметкерлерімен шақырылған фармацевт мамандарға қойма иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсетті. Алайда бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны туралы фармацевт мамандар баяндады. Аталған қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталған. Фармацевт мамандар қоймада анықталған дәрі-дәремкті үш топқа бөліп, әрбір дәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді.

Бірінші топ – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген және сатуға рұқсат берілмеген дәрі-дәрмектер. Олар “Конвулекс”, “Энцефобол”, “Алоэ экстракт инъекция үшін” және тағы басқалар.

Екінші топ – респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған жоғары сұранысқа ие болған дәрі-дәрмектер. Олар “ЦЕФ 3”, “Цефтриаксон”, “Ингавирин”, “Гордокс”, “Дексаметазон” және тағы басқалар.

Үшінші топ – Қазақстан Республикасында медицинада тіркеуде тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар “Депакин”, “Методжект” және тағы басқалар.

Сондай-ақ, қоймадағы дәрі-дәрмектердің сақталуына ешқандай жағдай жасалмаған және сақталу талаптарын өрескел бұзып тұрғанын анықтады. Яғни дәрі-дәрмектер емдеу қасиеттерін жоғалтып, адам өміріне қауіпті екенін түсіндірді. Бұдан басқа, қойманың бет жағында дәріхананы белгілейтін жарнамасы жоқ.

Фармацевт мамандарының қатысуымен барлық 229 дәрі-дәрмектердің түрлері айғақты зат ретінде алынды.

Мысалы:
12. “ЦЕФ 3” – 130 қорап
13. “Ингавирин” – 80 қорап
14. “Дексаметазон” – төрт ампула
15. “Алоэ экстракт инъекция үшін” – 120 қорап
16. “Методжект” – 480 қорап
17. “Глюкоза” таблетка – 3120 тақтайша
18. “Глюкоза” бутыль – 27
19. Стекловидное тело – 2160
20. Парацетамол – 18 қорап
21. Ферсинол – 2160
22. Аскрупин – 2160

Барлық анықталған жайттар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру