Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер топтық төбелестің жолын кесті

Шымкенттік азаматтан екі тапанша тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қазанда Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына Төреқұлов көшесінде орналасқан мейрамхананың алдында төбелес болып жатқаны және бірнеше азаматтың қарулары бар екені туралы хабарлама түскен.

Тексеру барысында аталған мейрамханаға қарама-қарсы бетте тұрған “Toyota Camry” маркалы автокөлігінің ішінен 2 тапанша табылып алынды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 287 – бабының 1- бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру