Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді

СҚО-да қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандық полицейлермен бірге 50 қызметтік-іздестіру иті – неміс және бельгия овчаркалары, лабрадорлар, спаниельдер құқықтық тәртіпті қадағалауда. Оның 24-і Кинологиялық қызмет орталығында, 6-уы Петропавл Полиция басқармасында, ал қалғандары аудандық полиция бөлімдерінде. Төрт аяқты көмекшілердің 5-уі есірткі іздеумен айналысады. Олардың бірі лақап аты Грета орыс спаниелі. Оны бұл бағытқа кіші инспектор кинолог Александр Борисенко дайындады. Биыл ол Алматы қаласындағы Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығында біліктілігін арттырып, арнайы оқу курстарында жақсы нәтиже көрсетті.

Гретаның алғашқы жұмысы сәуір айында 25 жастағы қала тұрғынын жалдамалы пәтерде ұстаудан басталды. Қызметтік ит жалпы салмағы 1 келі болатын, марихуана оралған 61 түйіншекті анықтады.

– Із алуға үйретілген қызметтік-іздестіру иттерді оқиға болған жерлерде пайдаланғанда, көбінесе күдіктілерді анықтауға, ұстауға септігін тигізеді. Жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 370-тен астам түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтар ашылды, есірткімен заңсыз айналысудың 7 фактісі, 5 тонау, 150-ден астам ұрлық анықталды, – дейді СҚО Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру