Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО жолдарында жылдамдық режимін бұзудың 294 фактісі тіркелді

8 күннің ішінде СҚО жолдарында жылдамдық режимін бұзудың 294 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полицейлер өрескел бұзушылықтардың және көлік апаттарының алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды жүргізуде. 14 қыркүйекте облыс жолдарында басталған “Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!” акциясы аясында профилактикалық рейдтер күшейтілді.

“Астана-Петропавл” автожолының 454 км-де СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция қызметкерлері Lexus седанының жүргізушісі тарапынан жылдамдықты асыру фактісін анықтады. 24 жастағы жүргізуші Петропавлға рұқсат етілген сағатына 100 километр жылдамдығымен емес сағатына 133 километр жылдамдығымен келе жатқан. Нәтижесінде оған қатысты ҚР ӘҚБтК 592-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды, баппен әкімшілік айыппұл көзделген. Осындай құқық бұзушылық үшін 31 жастағы Mercedes көлігінің жүргізушісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адам белгіленген жылдамдықты Көкшетаудан Петропавлға бара жатқанда асырған. Осы факті бойынша Әкімшілік кодексінің 595-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Екі бұзушылық та профилактикалық рейдтің бір сағаты ішінде Астраханка ауылының маңындағы республикалық маңызы бар жолда анықталды. Тәжірибе көрсеткендей, қала сыртындағы жолдарда тіркелетін барлық жол-көлік оқиғаларының үштен бірі жылдамдық режимін бұзу себебінен орын алады.

– Апаттылық деңгейін тұрақтандыру үшін, “Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!” акциясы аясында облыс автожолдарында полиция жасақтарының саны көбейтілді. Жылдамдық режимін сақтауға, басып озу, қарсы келу, маневрлеу ережелерін сақтауға сондай-ақ, масаң күйде не басқару құқығынан айырыла тұра көлік тізгіне отыру фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударылды. СҚО ПД ППБ жеке құрамы егіс науқаны кезінде пайдаланатын ауыл шаруашылық және ақырын жүретін көліктердің жүргізушілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағдарланған, алайда, олардың арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындары бар. Құрметті жүргізушілер! Сіздердің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі сіздердің жолдағы тәртіптеріңізге байланысты екенін естеріңізге саламыз, – дейді СҚО ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Руслан Садулов.

“Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!” акциясының 8 күні ішінде облыс жолдарында ЖҚҚ 2641 бұзушылығы анықталды. Көбіне жүргізушілер жылдамдық режимін бұзған – 294 факті; қауіпсіздік белдіктерін тақпау – 230; рөлде отырып телефон пайдалану – 159 факті. Масаң күйде көлік құралын басқарған 38 жүргізуші ұсталды. Соңғы сегіз күнде жаяу жүргіншілер тарапынан жол жүрісі ережелері көп бұзылған – 326. Акция қыркүйектің 24-і аяқталады, алайда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шаралар жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру