Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Су тасқыны: Қостанай облысында полиция күшейтілген режимде қызмет етіп жатыр

Қостанай облысында су тасқыны қауіпі төнген аймақтарда полиция күшейтілген режимде қызмет етіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қауіптің алдын алу мақсатында Колесные ряды тұрғындарымен болжамды су басу туралы әңгіме жүргізілді.

Бұл ауданда 88 үйді су басу қауіпі төніп тұр. Қазіргі жағдайды және ауа райын, сондай-ақ Тобыл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуін ескере отырып, тұрғындарды эвакуациялау мүмкіндігі бар.

– Әр уақытта дайын болу керек, бағалы және қажетті заттарды, құжаттарды жинау, жануарларды шығару және мүмкіндігінше су деңгейін өз бетінше бақылау қажет, – дейді тұрғындарға Қостанай қаласы полиция басқармасының бастығы Булат Иманов.

Іс-шараға 50-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Полицейлер тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

ПД су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда күштер мен құралдардың резерві дайындалғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру