Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда қала тұрғындары зираттан ұрлық жасаған азаматты ұстауға көмектесті

Талдықорғанда қала тұрғындары зираттан ұрлық жасаған азаматты ұстауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанда қабір қоршауларын ұрлады деген күдікті адам жауапқа тартылуда. Оны ұстауға жергілікті тұрғындар көмектесті. Олар қалалық полиция қызметкерлеріне күдіктінің және оның көлігінің белгілерін хабарлаған.

– 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ер адам шойын қоршауларды кесіп, көлігімен алып шыққан. Ұрланған қоршауларды болашақта металл қабылдау пункттері арқылы сатуды көздеген. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, келтірілген шығын есептелді, – деді Талдықорған қаласының полициясы.

Талдықорған полицейлері ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру