Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында алаяқ қайтарымсыз несие алып беремін деп тұрғындарды сан соқтырған

Түркістан облысында алаяқ қайтарымсыз несие алып беремін деп тұрғындарды сан соқтырған , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. 

Белгілі болғандай, күдікті жігіт танысына мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінін айтып, алдын ала 300 мың теңге ақшасын алған. Одан кейін бір жыл бойы берген уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған. 

Тәртіп сақшылары күдіктінің дәл осыған ұқсас 3 жайтқа қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 1 миллион теңге. Күдікті жігіт алдау жолымен алған ақшаны жұмсап жіберген. 

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру