Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында қылмыстан зардап шеккен 30 адам бір реттік ақшалай өтемақы алды

Жетісу облысында қылмыстан зардап шеккен 30 адам бір реттік ақшалай өтемақы алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полицейлері заңнама нормаларына сәйкес, түрлі қылмыстардан зардап шеккендерге шамамен 4,5 млн теңге өтемақы төледі.

Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңның қабылдануымен Қазақстанда қылмыстан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсететін мекеме құрылды. Өтемақы жәбірленушіні әлеуметтік қолдауға арналған және бір реттік ақшалай төлем түрінде жүзеге асырылады. Төлемдер қылмыстардан материалдық зардап шегіп, келтірілген зиянның орнын толтыруға мүмкіндігі жоқ (соның ішінде ашылмаған қылмыстар үшін) адамдарды қолдауға бағытталған.

ҚР ҚК-нің 46-бабы бойынша көрсетілген 124 құқық бұзушылық үшін төлемдер қарастырылған.

Зардап шеккендерге бір реттік қаржылық төлемдер 2020 жылдың шілдесінен бастап түсе бастады.

Өтемақы мөлшері қылмыстық құқық бұзушылықтың санатына қарай 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін құрайды. Биылғы жылы өңірдің 30 тұрғынына ақшалай бір реттік өтемақы төленді. Төлемдердің жалпы сомасы 4424430 теңгені құрады, – деді Жетісу облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру