Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған баланы полицейлер тауып, отбасына қайтарды

Шымкентте жоғалған баланы шұғыл іздестіру нәтижесінде аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 4 тамыз күні сағат 00:16 шамасында “102” пультіне Шымкент қаласының тұрғыны өзінің ұлының белгісіз бағытқа шығып кеткені туралы хабарлаған. Жедел іздестіру шарасы барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасына бағынысты Патрульдік полиция полкінің 8-рота қызметі аға инспекторлары М.Муратов, Б.Байбатшаев және Н.Ағабек адасып жүрген баланы байқаған. Шапшаң іс-әрекет нәтижесінде полицейлер баланы тауып, анасына аман-есен табыстады.

Ата-аналар мен ересектердің балаларды назардан тыс қалдыруының салдары оқыс оқиғалармен аяқталуы мүмкін. Сондықтан құрметті қала тұрғындары балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру