Жамбылдағы түзеу мекемесінде 170 сотталған жұмыспен қамтылған
Жамбылда бір ғана түзеу мекемесінде 170 сотталған жұмыспен қамтылған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жамбылдағы жазасын өтейтін 170 азамат жұмыспен қамтылған. Сот үкімімен кінәлі деп танылғандар өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтейді. Ал мұнда бас-аяғы 201 адам сотталған азамат бар.
«Villa-Cтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек ететін 24 адам дәнекерлеу құралын жетік меңгергендіктерінің арқасында темірден түйін түйіп, халыққа қажетті материалдар жасап шығаруда. Бұдан бөлек, олар ақауы байқалған жеңіл автокөліктердің қосалқы бөлшектерін қалыпқа келтіруге күш салады. Осылайша сотты болғандар мемлекет және жәбірленуші алдындағы талап-қарыздарын жабуға мүмкіндік алып отыр.
Атап өтерлігі, қолынан іс келетін жазасын өтеушілер еркіндікке шыққаннан кейін аймақтардағы азаматтық кәсіпорындарында жұмыс істей алады.