ҰҚҚКБ жедел уәкілдері Ақмола облысының аумағына есірткіні жеткізу арнасын тоқтатты
ҰҚҚКБ жедел уәкілдері арнайы операция барысында Ақмола облысының аумағына синтетикалық есірткіні жеткізу арнасын тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі заттарын тасымалдаумен нәзік жандылар айналысқан. Күдіктілерді Көкшетау қаласына кірер жолда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Toyota Mark X автокөлігінің рөлінде облыс орталығының тұрғыны болған, онымен бірге салонда жолаушы ретінде оның екі танысы: Көкшетау және Степногорск қалаларының тұрғындары болған.
Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде жедел уәкілдер авто салонында ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар 19 полиэтилен байламын және ерекше иісті, күңгірт-жасыл түсті заты бар 1 байламын тауып, тәркіледі. Тергеу әрекеттері аясында фигуранттардың бірінің тұрғылықты жері бойынша полицейлер ұқсас заттары бар тағы 91 байламды тапты: тиісінше 89 және 2.
Белгілі болғандай, доза бойынша өлшеп оралған есірткі құралдарының ірі партиясын әйелдер Степногорск қаласында олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша сақтаған. Бірнеше жасыруларда полиция «бомба» деп аталатын 4-ін тауып, тәркіледі, бұл синтетиканың 177 дозасы. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 254 граммды құрады, бұл аса ірі мөлшер болып табылады.
Өткізу мақсатында есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау және сақтаудерегі ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу жалғасып жатыр.