Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД-да екі қызметкерді құрметті демалысқа шығарып салды

Қостанай облысының Полиция департаментінде қызметкерлерді құрметті демалысқа шығарып салды және кадрлық тағайындауларды өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зейнетақы куәліктерін алғандардың қатарында Қостанай облысы ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Нұрлан Бултаев, Б.Майлин аудандық полициясының учаскелік инспекторы Иван Тарасов бар.

– Ішкі істер органдарында 30 жылдан астам жұмыс істедім. Қызметімді Жітіқара ауданында бастағанмын. Зейнеткерлікке шығу-бұл үлкен жұмыс атқарылғанын түсінетін өмірдің кезекті кезеңі, енді жинақталған тәжірибені жас қызметкерлерге беретін уақыт келді, – дейді Нұрлан Бултаев.

Тобыл кенттік бөлімшесінің учаскелік инспекторы Иван Тарасов 20 жыл бұрын полицей мамандығын таңдап, өзін сауатты және жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Ол басшылыққа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, әріптестеріне табыс тіледі. Ардагерлердің әрқайсысы туралы жылы сөздер айтылды.

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков полицейлердің жас ұрпаққа лайықты үлгі көрсеткенін атап өтті. Мұндай іс-шараларды полиция қатарында өткізу жақсы дәстүр. Сондай-ақ, полиция департаментінде бейнеконференцбайланыс арқылы аумақтық бөлімшелерде кадрлық тағайындаулар өткізілді.

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков қызметке үміткерлермен әңгімелесті және полиция қызметкерлеріне нұсқаулар берді.

– Сіздердің әрқайсыңызға үлкен жауапкершілік жүктеледі – облыс тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. ІІМ жүйесінде одан әрі тиімді жұмыс істеу үшін барлық біліміңіз бен күш – жігеріңізді жұмсаңыздар, – деді Ерлан Омарбеков.

Полиция департаменті бастығының бұйрығымен аудандық және қалалық бөлімшелерден 16 үміткер жаңа лауазымдарға тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру