Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12-15 желтоқсан күндері аралығында Талас ауданы аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың және жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Іс-шараның алғашқы күндері Талас ауданы Ақкөл ауылы көшелерінде патрульдік полиция инспекторларымен жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін Mercedes Benz автокөлігі тоқтатылды.
Жеке басын анықтау барысында Сарысу ауданының тұрғыны екендігі белгілі болды.
Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жүргізушінің жеңіл дәрежедегі мас күйінде болғаны расталды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, Талас аудандық сотына жолданды.
Талас аудандық сотының қаулысы бойынша құқық бұзушы жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.