Қостанайда «CyberPol» қызметкерлері тұрғындарды 20 млн теңгеге сан соқтырған алаяқты анықтады
Қостанайда «CyberPol» қызметкерлері тұрғындарды 20 млн теңгеге сан соқтырған алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының полициясына Қостанай қаласының 6 тұрғынынан «Сіздің қызыңыз жол көлік оқиғасына түсті» деген дәстүрлі схеманы пайдалана отырып, оларды алаяқтар алдағаны туралы арыз келіп түсті. Залал сомасы 20 млн теңгеден асты.
Барлық өтініштер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеуге «Cyberpol» бөлімшесі мен Қостанай қаласы полиция басқармасының қызметкерлері кірісті.
– Жедел-тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде облыс орталының 6 тұрғыны зардап шеккені анықталды. Олардың барлығы зейнеткерлік және зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар. Оларға үй телефонына қоңыраулар келіп, белгісіз адамдар туыстарының апатқа ұшырағанын хабарлаған. Алаяқтар қолда бар ақшаны беруді сұраған, – деді «CyberPol» бөлімшесінің қызметкері Олжас Магыпаров.
Сонымен бірге, жәбірленушілер жәбірленушілердің үйіне келіп отырған қызға ақша берген. Оның сыртқы келбеті туралы сипаттамалар әр түрлі болды.
Ол жасанды шаш ауыстырып отырған. Оның үстіне қара көзілдірікті және әр түрлі бас киімдерді қолданған.
– Алаяқ Қостанай қаласындағы қонақ үйлердің бірінде люкс нөмірінде ұсталды. Одан 800 мың теңге сомасында ақша алынды. Ол қалған қаражатты қымбат телефон, заттар мен ойын-сауық құралдарын сатып алуға жұмсаған, – деп жалғастырады Олжас Магыпаров.
Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібімен УҰИ-ға қамалды.
Қостанай облысының полиция департаменті кезекті рет азаматтарды абай болуға шақырды. Алаяқтар жаңа схемаларды ойлап тауып қана қоймай, бұрыннан келе жатқан сценарийлерді де қолданады. Бұл ретте полицейлер заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін адамдарға ақша беру қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер болып табылатынын еске салады.
Полиция азаматтарды мұқият болуға, алаяқтардың қулықтарына түспеуге шақырады. Ақпаратты тексеру, жақын адамыңызға қоңырау шалып және мұндай фактілер туралы полицияға хабарлау қажет.
Қостанай облысының ПД «CyberPol» жобасы жұмыс істей бастағаннан бері қылмыстың осы түрін ашуда оң нәтиже байқалғанын айтты.