Түнгі уақытта гүл сатқан жасөспірім қыздың анасы жауапқа тартылды
Шымкентте түнгі уақытта гүл сатқан жасөспірім қыздың анасы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы Бәйдібек би даңғылы бойында орналасқан Бәйдібек би кесенесі алдында түнгі уақытта жасөспірім қыздардың шар, гүл сатып жүргендігі жөнінде жиі айтылып келуде. Осыған байланысты, 2020 жылдың 21 қыркүйек күні Бәйдібек би кесенесінің аумағында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен рейдтік іс шара жүргізілді. Нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірім қыздың заңды өкілі, яғни, анасына Қазақстан Республикасы Әкімішілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-бабы 1-бөлігімен белгіленбеген жерде сауда жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Осы орайда, күнделікті түнгі мезгілде рейдтік іс шаралар жүргізіліп, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүруі бойынша Қазақстан Республикасы Әкімішілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынатыны жөнінде ескертіледі.