Ақмола облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды
Ақмола облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов Ақмола облысына жұмыс сапарымен келіп, полицияның жеке құрамымен нұсқаулық кеңес өткізді.
Кездесу барысында 2026 жылдың 7 айындағы қызметтік жұмыстың қорытындысы мен профилактикалық бағыттағы атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, негізгі көрсеткіштер мен өзекті мәселелер айтылды.
Кеңеске бейнеконференцбайланыс арқылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің басшылары, пробация қызметтерінің аға инспекторлары, сондай-ақ Ақмола облысының қалалық және аудандық полиция бөлімдері мен басқармаларының басшылары қатысты.
Кездесу барысында қызметтік тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру және қызметтік міндеттерді сапалы орындау мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалар берілді.
