Банкоматтар мен терминалдарды қалай қауіпсіздендіруге болады?
Павлодар облысында Полиция ведомствосында банкоматтар мен терминалдарды қауіпсіздендіруді жолдарын қарастырды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов облыс банктерінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуге қатысушылар банктердің банкоматтары мен терминалдарын нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында банк мүлкін сақтау бойынша заманауи құралдар мен әдістерді енгізу мәселелері талқыланды, сондай-ақ банк өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды.
Нұрлан Мәсімов банкоматтар мен терминалдар бар банктердің тәулік бойы жұмыс істейтін ғимараттарға клиенттерді биометрикалық параметрлер бойынша сәйкестендіру мақсатында қолжетімділікті қамтамасыз етуді ұсынды.
Қатысушыларға ғимараттарды, оның ішінде банкоматтарды күзету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат жеткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша бейнебақылау камераларын қосымша орнату және мүлікті сақтау мақсатында қазіргі заманғы құралдарды енгізу бойынша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды: биометрикалық параметрлер бойынша тану жүйелерін орнату, сондай-ақ полицияның патрульдік нарядтарын жақындату.