Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері Қостанай облысының тұрғынынан есірткі тәркіледі

Көлік полицейлері Қостанай облысының 55 жастағы тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын сақтауда күдікті деп танылған Қостанай облысының 55 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан ішінде психотроптық зат салынған үш полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 2,30 грамм, ірі мөлшердегі альфа-PVP синтетикалық есірткі заты екендігі анықталды.

Аталған дерек көлік полицейлерімен ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру