Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жүргізушілер жаяу жүргіншілерді қағып кетті

Павлодар облысында жүргізушілер жаяу жүргіншілерді қағып кетті, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

25 қарашада Толстой көшесінде Volkswagen Passat автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті.

26 қарашада Естай – Академик Бектұров көшелерінің қиылысында 28 жастағы Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол да реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өткен. Сол күні Шарбақты ауданының М.Горький көшесінде КамАЗ көлігінің 51 жастағы жүргізушісі жолдың жиегімен келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО салдарынан жарақат алған жаяу жүргіншілер ауруханаға жатқызылды.

Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр.

– Құрметті жол қозғалысының қатысушылары, қыс мезгілінде жолда өте мұқият болыңыз. Тек жаяу жүргіншілер өткелімен жүріңіз, жолдың жанында жүрмеңіз. Жаяу жүргіншілер қозғалысқа кедергі келтірмеу үшін тротуарда жүргенде әрқашан оң жақпен жүріңіз. Жолдың жүріс бөлігін кесіп өту кезінде ұялы телефонға алаңдамаңыз, — деп ескертеді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру