Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейдің қызы әкесінің жұмысы туралы бөлісті

СҚО тұрғыны Әмина Қалиева болашақ журналист және шығармаларының бірін әкесінің жұмысына арнаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның шығармасында отбасыдағы полицейдің бейнесі көрініс тапқан.

– Полицей – сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Нысанды киім киген адамдар біздің өміріміз бен құқығымызды қорғайды. Олардың жұмыс күні реттелмеген, демалыс уақытында оқиға орнына шақырып алуы мүмкін. Полицейдің жұмысы үнемі психологиялық күйзеліспен байланысты, кей-кездері өмірге де қауіп төніп жатады.

Менің әкем Жеңіс Жанпісбайұлы Қалиев. Ол 44 жаста. 2002 жылдан бастап 2019 жылға дейін Шал ақын ауданының полиция бөлімінде қызмет етті. Зейнетке денсаулығына байланысты уақытша қамауда ұстау изоляторының бастығы лауазымынан кетті, бұған дейін учаскелік инспектор болған.

Әкеміз інім екеуімізге алаңдап отыратыны әлі есімде – бізбен және аудан оқушыларымен профилактикалық әңгімелер жүргізетін. Жастармен жүргізілетін жұмысқа ерекше назар аударатын. Кейбір жасөспірімдер мектеп қабырғасынан темекі және ішімдік өнімдеріне әуес болады. Әкеміз барлығын әу бастан теріс жолдан аман алып қалуға тырысты. Ойлап қарасам, ол үйден гөрі қызметінде жиі болатын…

Мүмкін әкемізді мереке күндері қызметтен жіберіп, басқа отбасыларда сияқты демалыста ортамызда болады деп үміттенетінбіз. Алайда, бұлай бола бермейтін. Басқалар демалыста болғанда, әкеміз аудан тұрғындарына көмектесіп жүретінін жақсы білетінбіз.

Біздің сыныптастарымызды мектептен әкелері алып кететін. Біз де әкеміздің келіп алып кететінін қалайтынбыз. Інім екеуміз әкеміздің жұмысы қаншалықты ауыр, анамызға да оңай емес екенін түсінетінбіз. Балабақшаға келген алғашқы күннен-ақ ата-анамыз біздің өз-өзімізге ие болып жүргенімізді қалайтын. Олар қателескен жоқ! Көңілдерін қалдырмау үшін біз жақсы оқуға, спорттық іс-шараларға қатысуға, жүлделі орындарға ие болуға тырыстық. Біз күні-түні тынымсыз еңбек еткен әкеміз балаларының есейіп, білімді болғанын мақтан тұтқанын қаладық. Әкешіміздің бізді мақтан тұтқаны біз үшін ең жоғары марапат!

Әкеміз бірнеше рет грамота, алғыс хатпен марапатталды. Алайда ең бастысы басқада: ол өзінің қызметіне адал болатын. Бізбен үнемі бола алмаса да, бізге істі бастадың ба – шын жүректен адал орында деген ең маңызды өмірлік сабақты меңгертті, – деп жазды ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру