Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде есепші қызмет жағдайын пайдаланып, 4,3 млн теңгені иемденіп алған

Өскеменде есепші қызмет жағдайын пайдаланып, 4,3 млн теңгені иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 маусымда Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ-нің “102” жедел арнасына қаладағы ЖШС бірінің филиал басшысының өтініші келіп түсті.

Жәбірленуші кәсіпорынның бұрынғы бухгалтері пайдакүнемдік мақсатта өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, ақша қаражатын иемденгенін айтты. Қаскүнемнің әрекеті нәтижесінде ЖШС-ға 4,3 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады, жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады.

Ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру