Қарағандыда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Қарағандыда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласы Н.Әбдіров көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Audi автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында көлік тізгінінде болған 41 жастағы жүргізушіден мастықтың белгілері айқын байқалған. Полицейлер оны арнайы медициналық мекемеде куәландырудан өтуді ұсынғанымен, жүргізуші куәлардың қатысуымен бұл рәсімнен бас тартты.
Аталған азаматтың бұған дейін де мас күйде көлік тізгіндеп, жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік айыптұраққа қойылды.
