Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері автокөліктен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Қостанай полицейлері автокөліктен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Mercedes автокөлігінен 2 аккумулятор, магнитофон, динамиктер, колонкалар, телефон қуаттағышы ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шығын көлеміның жалпы соммасы 172 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлері Қостанай қаласы Солтүстік ПБ жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қаланың бұрын істі болған 26 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру