Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер ұрланған көліктерді иелеріне қайтарып берді

Қостанайлық полицейлер ұрланған көліктерді иелеріне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Меңдіқара ауданына қарасты Борки ауылында аулада тұрған Lada-212140 автокөлігі ұрланған. Темір тұлпардың иесі көлігінің жоқтығын байқай салысымен бірден полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары ауыл аумағынан техникалық ақауы бар көлікті тапты.

Аталған қылмысты жасаған күдікті ұсталды. Ол бұрын істі болған 45 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған ұқсас Қостанай шағын аудандарының бірінде де Ваз-2114 автокөлігі ұрланған. Оның салонында 25 мың теңге көлемінде қолма-қол ақша жатқан барсетка болған. Ұрлық орын алған жерге келген полиция қызметкерлері жақын маңнан көлікті тапты. Қылмысты жасаған күдікті іздестіріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру