Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында құқық қорғау органдары арасында футбол турнирі өтті

Қызылорда облысында құқық қорғау органдары арасында футбол турнирі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуір – Тергеу қызметі күніне орай Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен құқық қорғау, арнайы органдар мен күштік құрылым қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілді.

Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық іс-шараға 15 команда қатысып, алаңда жоғары дайындық пен командалық үйлесімділіктің үлгісін көрсетті. Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Турнирдің ашылу салтанатында Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде мұндай іс-шаралардың қызметкерлер арасындағы бірлік пен өзара ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қармақшы ауданы полиция бөлімінің командасы үшінші орынды иеленді. Көліктегі полиция бөлімі екінші орынға тұрақтаса, Қызылорда облысы полиция департаментінің құрама командасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Аталған спорттық шара қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын дәріптеумен қатар, командалық рухты күшейтіп, өзара әріптестікті арттыруға оң ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру