Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығы “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешеніне барды

ШҚО ПД бастығы “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешеніне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 тамызда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткізілген рейдтік іс-шаралар шеңберінде ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешеніне барып, “Сергек-қорғау” қосымшасының жұмысын тексерді.

Аталған қосымша қолданысқа енгізілген сәттен бастап Өскемен қаласының аумағында 869 автокөлік ұсталды, оларға 15 миллион теңгеден астам сомаға жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 086 фактісі тіркелді.

Жалған мемлекеттік нөмірлері бар көлік құралдарын жүргізгені үшін 7 жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, 207 автомобиль мамандандырылған тұраққа қойылды, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 68 мемлекеттік нөмір алынды.

“Көркем-Телеком” ЖШС “Сергек Шығыс” филиалының директоры Алексей Снегурмен және ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының “Ақпараттық технологиялар орталығы” КММ басшысының орынбасары Рахат Қайырдұлдамен проблемалық мәселелерді талқылай отырып, Полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбеков Өскемен қаласы ПБ бастығы А. Мулаға одан әрі шешу үшін бірқатар міндеттер жүктеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру