Шымкенттік түймеге бекітілген бейнекамераны сатпақ болды
Шымкенттік түймеге бекітілген бейнекамераны сатпақ болған жерінен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тамыз айының 18-20 күндер аралығында өткізілген республика көлемінде «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық шара барысында Шымкент қаласының тұрғыны жасырын ақпарат алуға арналған, түймеге бекітілетін бейнекамераны сатып жатқаны анықталып, Абай ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.
Аталған азаматтан айғақты заттар тәркіленіп алынып, ҚР ҚК-нің 399-бабы 1-бөлігі (Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, өткізу) бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.