Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түрксіб ауданының полицейлері сотталған азаматтарды тексерді

2021 жылдың 15 ақпанынан 20 ақпанына дейінгі кезеңде Түрксіб ауданының аумағында “Есеп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Іс-шараның мақсаты – оларға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар тағайындалған сотталған адамдар арасындағы қайталанатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу. ЖПҚ инспекторлары аудандық пробация қызметімен бірге бұрын сотталған 336 азаматты тұрғылықты жері бойынша тексерді, – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Жалпы жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде жаза өтеу шарттары мен тәртібін бұзған 21 адам анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру