Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісулық полиция қызметкері ауыл тұрғынының ұрланған мүлкін тауып берді

Жетісулық полиция қызметкері ауыл тұрғынының ұрланған мүлкін тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кербұлақ ауданындағы Шоқан ауылының тұрғыны МТЗ-80 тракторының бұрын ұрланған қымбат қосалқы бөлшектерін тапқан полицейлерге алғысын білдірді. Жас тергеуші Асхат Әділбаев қылмыскердің ізіне түсіп, күдіктіні анықтады. Ұрлық жасады деген күдікпен жәбірленушінің 50 жастағы көршісі ұсталды.

– Ауыл тұрғынына келтірілген шығын шамамен 500 мың теңгені құрады. Ұрланған бөлшектер жақын жердегі үйлердің бірінен табылған. Ұсталған ер адам ауылдасының мүлкіне қызығып, ұрлап кеткенін мойындады. Белгілі болғандай, ол болашақта бөлшектерді өз техникасына пайдалануды жоспарлаған. Ұрланған мүлік заңды иесіне қайтарылды, – деді Асхат Әділбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру