Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын жауапқа тартылды

Жезқазғанда жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйек күні сағат 23.00 шамасында Жезқазған қалалық ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері кәсіпорындардың бірінің жанынан өтіп бара жатқан Lada көлігіне назар аударып, 48 жастағы ер адам басқарған бұл көлікті тоқтатқан. Тексеріс барысында анықталғандай, биылғы жылдың қаңтар айында жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Мас күйде көлік құралын басқаруы) бойынша сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігінің (Көлік құралын құжатсыз және көлік құралын басқару құқығынсыз адамның басқаруы) бойынша әкімшілік материал толтырылып, сотқа қарау үшін жолданды.

Ұлытау облысы Жезқазған қаласының аумағында жыл басынан бері 5852 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелген. Оның ішінде автоматты бақылау жүйесімен 267 ереже бұзушылық анықталды.

Жезқазған қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция инспекторлары жыл басынан бері қауіпсіздік белбеуінің жоқтығы бойынша – 617, ұялы телефонды пайдалану бойынша – 507, жаяу жүргіншілер өткелінен өту – 188, тыйым салынған бағдаршамнан өту бойынша 142 құқық бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ, жол қозғалысы ережесін бұзған 925 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 271 көлік арнайы тұраққа қойылды. Сондай-ақ көлікті мас күйінде басқарудың 55 фактісі, бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтардың рөлге отыруының 8 фактісі тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру