Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда қызметте ерекше көзге түскен полицейлер марапатталды

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Маңғыстау облысы полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік жиынға департамент басшылығы, жеке құрам, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Іс-шара аясында департамент ғимараты аумағындағы монументке гүл шоқтары қойылып, қызметтік борышын өтеу жолында ерлік танытқан қызметкерлерге құрмет көрсетілді.

Жиынның ашылуында Маңғыстау облысы ПД бастығы Сағындық Аяғанов жеке құрамды мерекемен құттықтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі полиция қызметкерлерінің рөлі ерекше екенін атап өтті.

Салтанатты шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер марапатталды. 50-ге жуық қызметкер мен ардагер ПД бастығының алғыс хаттары мен грамоталарына ие болды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің атынан бірқатар қызметкерге құрмет грамоталары, медальдар, төсбелгілер, алғыс хаттар, кезектен тыс және мерзімінен бұрын арнайы шендер табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру